Эльмира Омарбекова

Туындылары


ОТАН

Желбіреп туы аспанда,

Жомарт жер шалқып жатқанда.

Еңбекті баурап жүрекке

Әр адам бақыт тапқанда!


Мәтінді толық оқу...



БЕЙБІТ ҚҰСЫ – КӨГЕРШІН

Ашық аспан – мекеніңе қанат қақ,

Адамдарды сұм ойлардан, жаудан қақ.

Жүрегіңе сыйған әлем – жер беті

Махаббат пен тыныштыққа бөлеп бақ.


Мәтінді толық оқу...



ЖАСТАР

Әр күнді тудай қадап жастар жүр,

Білім қуған масаяды жастан бір.

Бақыт санап әрбір күнді өткізген

Болашшаққа салды талмас аттан бір.


Мәтінді толық оқу...



ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ

Жазкүндері өтіп жатыр зымырап,

Әрбір күні тоймайтындай қызық-ақ.

Бала біткен ойнаса да күнұзақ,

Біреуінің ойында жоқ шаршамақ.


Мәтінді толық оқу...



БАЛА МЕН КӨБЕЛЕК

Бақ ішінде балақай,

Көбелек жүр қуалай.

Асыр салып ойнайды,

Ойынына тоймайды.

Ұшып кетті көбелек,

Кетіп қалды неге деп.

Өксіп-өксіп жылайды,

Жан досын қимайды.

Уатсам да қоймайды.

Көздің жасын тауысты,

Өқінішпен қауышты.

Қарап кенет қалысты,

Көзінен бұлт ауысты.

Кетті көзі күлімдеп,

Келді қайта көбелек.



ГҮЛІМНІҢ КӨЙЛЕГІ

Гүлімге кеп анасы,

Көйлек берді қарашы.

Онда көп ақ көбелек,

Гүлге қонып бал жемек.


Мәтінді толық оқу...



САНАМАҚ

Бір дегенім – бота,

Оркештері жоқ па?!

Екі дегенім ешкі?

Лақтары тоқ па?


Мәтінді толық оқу...



ТІЛМАШ ІНІМ

«Мяу» дейді інім көріп мысықты,

Біз айтпаған тілді өзі ұғыпты.

Бір жас асып тілмаш болса мал-жанға

Атама бар зеректігін бұрыпты.


Мәтінді толық оқу...



КАМ АЗ

Ух-ух тоқтадым

Жолда жүріп шаршадым.

Жүгім ауыр арқамда

Ұйықтамадым қанша күн.



ПАРАВОЗ

Гу, гу дауыстан

Келемін мен алыстан.

Орман, тоғай тауысып,

Желмен бірге жарысам.



БАЛҚАЙМАҚ

Қандай тәтті балқаймақ

Оны жеген таңғалмақ.

Май салынған – майқаймақ

Бал салынған – балқаймақ.


Мәтінді толық оқу...



БІЗДІҢ МЫСЫҚ

Біздің мысық жақсы

Ұйықтап күнде жатты.

Оянғанда ойнайды

Құйрығымен қатты.


Мәтінді толық оқу...



АСҚАБАҚ

Басын күн түспесін

Жауып қойдым жапырақ.

Ұнатқандай шәпкесін

Тастамайды ол жырақ.


Мәтінді толық оқу...



ҚАУЫН

Қауын піскен ас дайын

Қазанға от жақпаймын.

Бауырсақтай сап-сары

Ақ бұзаудай бақпаймын.


Мәтінді толық оқу...



АҚ МЫСЫҚ

Беті-қолын тазалап,

Мысық отыр әппақ.

Кірпігін де жуады

Мұрттарын да баптап.


Мәтінді толық оқу...



ҚАРБЫЗ

Жапырақтан, жапырақ

Әр тармақтан әр сабақ.

Қарбыз деген бірінші

Алақанда басбармақ.


Мәтінді толық оқу...



ӘҢГЕЛЕК

Әңгелек оң бөлек

Сап-сары дөңгелек.

Күн керек, су крек

Балақан, сен керек.


Мәтінді толық оқу...



ҮЙРЕК ПЕН ҚАЗ

Жүзіп жүрген арықта,

Қара суды иректеп.

Маңғазданған ақ қазға,

Сәлем берді үйрек кеп.


Мәтінді толық оқу...



ЖҰМБАҚТАР

Көлеңкелеп бауырын

Күнге тосқан жауырын.

                            (Жапырақ)


Мәтінді толық оқу...



ЖҰМБАҚ-САНДАР



Ұзын бойда кекіл тұр

                            (Бір)


Мәтінді толық оқу...



1  2  3