Эльмира Омарбекова

Туындылары


ҮЙРЕК ПЕН ҚАЗ


Жүзіп жүрген арықта,
Қара суды иректеп.
Маңғазданған ақ қазға,
Сәлем берді үйрек кеп.

- Уа, қаз-дәуім қалайсың,
Көрінбейсің, тұмайсың?
Мына күнде ысыды-ай
Қалай тұрсың ысымай?

Әй, сен бірақ пәлесің
Бәрін көрген білесің.
Бізбен қалай жүзесің
Мына жерге күлесің?

Жаңбырдан соң лай су
Босқа қанат былғайсың.
Көлде мөлдір мол су
Бойды аппақ сонда жу.

Қазы тыңдап паңдана
Өз-өзіне таңғала,
Жауап бермей, тұра алмай
Көлге ұшты шыдамай.

Үйрек қалған соңында
Арамдық бар ойында.
Сен қайтқанша аққуым
Құрғар деді шалшығым.

Ақылды ма, ақымақ
Үйрек қалды саңқылдап.
Мазақ қылып күліп «қақ-қақ»
Содан бері дейді тап.