Эльмира Омарбекова

Туындылары


ГҮЛІМНІҢ КӨЙЛЕГІ


Гүлімге кеп анасы,
Көйлек берді қарашы.
Онда көп ақ көбелек,
Гүлге қонып бал жемек.

Гүлім киіп қуана,
Жүгіреді аулаға.
Бар балаға көрсетіп,
Үйге кештетіп.

Есік ашқан мамасы,
Гүлімге айтты бір өкпе.
Кір болғаннан көйлегі,
Көбелектер түнекте.

Гүлім енді байқады,
Ұят жанды жүздегі.
Көбелектер қайда деп,
Сипалады көп іздеп.

Ақыр таппай жылады,
Мамасынан сұрады.
- Олар кірден үркеді,
- Тазалықта тұрағы.

Осылай бір күн батты,
Бұрды ұйқыға назарды.
Оянғанша көйлегі,
Бар кірінен тазарды.

Таң да атты күлімдеп,
Гүлім тұра сөйледі.
Қараса тұр кешегі,
Көбелекті көйлегі.

Көп ойланды түсінді,
Жәймен алып киінді.
Бүгіннен бастап енді,
Былғамайды киімді.

Гүлім кетті ойнауға,
Балалармен тағы да.
Көбелектер қонғандай
Қызға – гүлге бағына.