Эльмира Омарбекова

Туындылары


БЕЙБІТ ҚҰСЫ – КӨГЕРШІН


Ашық аспан – мекеніңе қанат қақ,
Адамдарды сұм ойлардан, жаудан қақ.
Жүрегіңе сыйған әлем – жер беті
Махаббат пен тыныштыққа бөлеп бақ.

Шатырынан бар үйдің пана тап,
Сыңарымен биле әсем, қона сап!
Сұлулыққа тамсанған жан көп болып,
Қолдарына қондырсын сені тұра қап.

Жүректерге аяулы ән ұялат,
Сабыр болып, қоншы жоққа қиялап.
Бақыт құсқа баласын сені бар адам,
Қайғы-мұңда қуанышты кеп оят.