Эльмира Омарбекова

Туындылары


ТІЛМАШ ІНІМ


«Мяу» дейді інім көріп мысықты,
Біз айтпаған тілді өзі ұғыпты.
Бір жас асып тілмаш болса мал-жанға
Атама бар зеректігін бұрыпты.

«Аф», «аф» дейді итті көріп, күшікті
Құлағын да есік жаққа түріпті.
Арқасына мініп алып апамның
«И-йа» дейді көріп қырдан есекті.

«Мә-ә» дейді қойға қайтқан өрістен
Шақпағымен қошақанмен бөліскен.
«Бе-е» дейді ешкілерге бас шайқап
«Мө-ө» дейді бұзауқанмен көріскен.

Іш тартады «иа-а» деп құлынға
Жал біткендей енді-енді жұлынға.
Ұқсата ма, өзін соған әзірден
Бір жаңалық қосар ма екен ғылымға.