Эльмира Омарбекова

Туындылары


ҚАРБЫЗ


Жапырақтан, жапырақ
Әр тармақтан әр сабақ.
Қарбыз деген бірінші
Алақанда басбармақ.

Түйінін көк жүн басқан
Күндіз жатқан, түн жатқан.
Алып болды су ішіп
Суға таста, ол батпан.

Пышаққа із салдырған
Жарсақ исі аңқыған.
Құм далада өссе де
Шөлімді ол қандырған.