Эльмира Омарбекова

Туындылары


ҚАУЫН


Қауын піскен ас дайын
Қазанға от жақпаймын.
Бауырсақтай сап-сары
Ақ бұзаудай бақпаймын.

Алғаш көктем жер өңдеп
Атам берер кетпендеп.
Су саламын атызға
Шөбін жұлам көбірек.

Гүлдеген соң жұмыс аз
Отырамын қарап мәз.
Көбелекті қондырам
Оған гүлдер шырын, ас.

Ол піскенше күткенім
Ал піскен соң жүк дедім.
Қалай таптым піскенін
Мұрнымен оны иіскедім!