Эльмира Омарбекова

Туындылары


АҚ МЫСЫҚ


Беті-қолын тазалап,
Мысық отыр әппақ.
Кірпігін де жуады
Мұрттарын да баптап.

Үстін, жүнін жалайды
Тілі тарақ тарайды.
Кір боп барған қасына
Маған теріс қарайды.