Эльмира Омарбекова

Туындылары


ОТАН


Желбіреп туы аспанда,
Жомарт жер шалқып жатқанда.
Еңбекті баурап жүрекке
Әр адам бақыт тапқанда!

              Таулар тұр күнді сүйіп те,
              Үйлер тұр зәулім биікте.
              Болашақ өсіп келеді
              Балалар бақша, мектепте.

Қара жол тарап сапарға,
Жас ағаш өскен қатарлап.
Қала да ұқсап далаға
Гүл еккен өлмес жағалап.

              Ел шашқан шашу, ән мен жыр,
              Береке тапқан байлық тұр.
              Атадан қалған дәстүрді
              Мұра ғып ұрпақ жалғап тұр.