Эльмира Омарбекова

Туындылары


ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ


Жазкүндері өтіп жатыр зымырап,
Әрбір күні тоймайтындай қызық-ақ.
Бала біткен ойнаса да күнұзақ,
Біреуінің ойында жоқ шаршамақ.

Денелерін күн көзіне күйдіріп,
Асыр салды көл бойында жүгіріп.
Кештеу ұйықтап, бірге тұрып таңменен,
Отырады балық аулап тізіліп.