Асыл сөз
Тек жақсы адамдармен табыстырған Тәңіріме тәубе айтамын.
Әдебиеттің қамын емес, өзінің жейтін нанын ойлайтын заман болып тұр ғой қазір...
Кек – жүзіңді сарғайтады, жаныңды қартайтады. Ұшқын ұлғайса өртке, уайым ұлғайса дертке айналады.
15 миллионнан астам халқы бар, жер асты, жер үсті байлығы байлығы асып-тасып жатқан «Алып Қазақстанға» бес-алты жүз жазушыны қолдау не тұрады?! Біз өз үкіметімізге «ат басындай алтынды алтын табаққа салып сыйла» демейміз, маңдай тер, табан ақымен келетін еңбегіміздің өтемін ғана талап етеміз ғой.
Мәртебелі қажылықты аяқасты етпеуді, оны ішкі тазалықсыз; барғанмен барып, келгенмен келетін туризмнің саласына айналдырудан қашқанымыз ләзім-ау. Қажылықты туризммен шатастырып алғандаймыз.
Ақын туғанда ақын болып жаратылады. Ол бір Алладан келетін пәрмен.
Адами болмыс – тектен болса, азаматтың көзқарасы жүре қалыптасатыны заңдылық.