Асыл сөз
Жаман еркек-жарты жүк.Жаман еркек-жарты жүк.

Тегін берсе де,тегі нашардан зат алма!

Теңізді тайыз дейтіндер,арыққа да түсе алмайды.

Сүйкімсізбен табақтас болсаң-түйіліп өлесің,
Жаманмен тағдырлас болсаң-күйініп өлесің.

Жаманды өлген соң жақсы дейміз.

Парламент - халықтың айнасы, халықтың өкілі.

Ақындар – халықтың барометрі.

Халық барда поэзия жасай береді !

Махаббат өлмейді, мәңгі жасайды.

Көңілдей ыстық – Оңтүстік !

Ақындық – Алла тағаланың тартқан сыйы, табиғаттың берген ерекшелігі !

Табиғат – таусылмайтын тақырып.

Поэзияға тән ең керекті қасиет – болашақты болжай білуі.

Әйелдің сұлулығы – тысында емес, ішінде !

Мәдениет дегеніміз - өнер .

Өнер - киелі нәрсе.

Поэзия халық үшін жазылады.

Өлең – көңіл-күйден туады.

Ақын адамдардың шаттығы - өлеңі .

Ғасырға жетпейтін қысқа мерзімде қазақ қарпі үш түрлі өзгеріске енгені мәлім. Тарихымызды қитұрқы саясатпен бүркеп тастаған. Атасы оқыған әріпті немересі танымайтыны қандай сұмдық?! Сол қателікті біздің жөндеуіміз – болашақ алдындағы аманатқа адалдығымыз, көне тарихтың көбесін сөккендігіміз болар, бәлкім.
