Асыл сөз
Менің мінезім – менің қаруым.ол мені қорғайды.

Көңілсіз байдан қоңылтақ етік жылы.

Ақылды өзгенің қателігінен сабақ алады,ақымақ-өз қателігінен.

Сен еріңе қарасаң,ерің елге қараса.

Жаман еркек-бақырауық текедей.

Қиналып жазған жырларым-мәпелеп өсірген қыздарым
сияқты.Қыздарым да,жырларым да мені тастап кетеді.

«Балаларым есейіп кетті»деген сөзді естігенімде,қайғысының
қалыңдай түскенін елестетем.

Менің өмірім – дауыстағы мұң,әндегі ойнақылық сияқты,
ойнақы әнді мұңды дауыспен салып көріңізші!

Екіжүзді адамның үшінші жүзін де көріп тұрам.

Әйелін жетелеген ер-өмірдің гүлі.
Еркегін жетелеген әйел-тағдырдың құлы.

Кісінің кісілігі түсінде емес-ісінде.

Қызғаншақ әйел-күйеуін қимайды,
Қызғаншақ еркек кең дүниеге сыймайды.

Қызғаныш-қызыл пышақ,өзіне тимей,өзгені жаралайды.

Кісінің кісілігі түсінде емес-ісінде.

Жүйрік атты қамшыласаң-желеді,
Шабан атты қамшыласаң – тебеді.

Жақсыға жақсылық жасасаң-таң болып атасың,
Жаманға жақсылық жасасаң-балшыққа батасың.

Кісінің кісілігі түсінде емес-ісінде.

Жақсыға ас берсең-сыйыңды ел көреді,
Жаманға ас берсең-ыдысыңды төңкереді.

Қасиетсіз ерден қасіретті көк артық.

Жарың жаман болса-алимент есігіңді қағар.
