Есенқара Ханбибі

Өмірдерек


Ханбибі Есенқарақызы Сарыағаш ауданының «Карл Маркс» атындағы ұжымшарда педагогтар отбасында 1949 жылы 30 маусымда дүниеге келген. 1960 жылы мектепті бітірген соң, Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне сырттай түсіп, мұғалім болып жұмыс істей бастайды. Кейін Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» газетінде тілші болды. 1975-1980 жылдар аралығында облыстық радио хабарларын тарату комитетінің редакторы болып қызмет атқарды. 1980 жылдан 1990 жылға дейін облыстағы халық творчествосы орталығында әдіскер, 1990-1992 жылдары облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы. 1992-94 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
1994 жылдан Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның директоры. 2003 жылдан ОҚО жаппай қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры қызметін атқарды.
Ханбибі Есенқарақызы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкер. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі. Бірнеше Құрмет грамоталарымен, медальдарымен, «Парасат» орденімен, «ҚР-сы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. С.Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты.
Қазақтың белгілі ақын қызы Ханбибінің алғашқы өлендері «Қанат қақты» жинағында жарияланды. Ақынның «Бұлтсыз аспан», «Жұлдызым», «Махаббатым мәңгілік», «Жан айқай», «Сыр кітабы» және «Жыр кітабы» атты екі томдығы, «Ай туады бозарып» және «Күн шығады қызарып» атты екі томдығы, «Жібек» шығармасы жарыққа шықты.
КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1986 жылдан), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.
Әйелдер мен отбасы құқығы жөніндегі аймақтық комиссияның мүшесі.
1998 ж. - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
1999 ж. - «М. Әуезовтың 100 жылдығы» мерейтойлық медалі;
2001 ж. - «Түркістандық 1500 жылдығы» мерейтойлық медалі;
2002 ж. - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
2008 ж. - «Астананың 10 жылдығы» медалі;
2008 ж. - «Парасат» ордені;
2016 жыл - ОҚО әкімінің арнайы сыйлықтары;
2016 ж. - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтан «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты арнайы сыйлығымен марапатталды.
2018 ж. - «Астананың 20 жылдығы» медалімен марапатталды.
Ханбибі Есенқарақызы С.Ерубаев атындағы «Әдеби сыйлықтың» лауреаты,
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының «Құрметті азаматы», «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағын ие, «Халық құрметі» медалімен марапатталған.
Қазіргі таңда зейнеткер.
11 кітаптың авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылды. Әнге айналған «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңілгүл», «Махаббат өмірлері» халық арасына кеңінен таралды.