Есенқара Ханбибі

Туындылары


Кешір мені, Ахмет, Мағжан, Сәкенім

Тоз-тоз болды бұл күндері қиялым,

«Шырақшысы» құрқылтайдай ұяның

Сенбісің? – деп портреттер сөйлейді

Шыны әйнектің аржағынан, зиялым.


Мәтінді толық оқу



Сатпайтын нәрсе қалмады

Көңілім бар даладай,

Елім сүйіп, қолдаған.

Ақын жаны – баладай,

Баланы кім алдаған?

Біртуарын қолдаған,

Таланттары сорлаған –

Мұндай заман ешқашан

Сен туғалы болмаған,

Мен туғалы болмаған!


Мәтінді толық оқу



Қауіп

Қазағымның базары тарқағалы

Нәзік жаным ауыр мұң арқалады.

Махаббаты мерт болған Қыз Жібектей

Елестейді Жайықтың жарқабағы.


Мәтінді толық оқу



Кеттім сені жек көріп

Жиналыста жүрдім жұртқа білінбей,

Қызыл сөзден бір түйір дән ілінбей.

Қорғаушы кім, қорлаушы кім, шатастым,

Бір көрпенің астары мен тініндей.


Мәтінді толық оқу



Кәсібін қоймас ұры адам

Ауру, жоқтық... және өлім

Қолымда көп дәлелім.

Лақтырылған сүйекке

Таласады әлі елім.


Мәтінді толық оқу



Зымияндар туралы жыр

Қарлы, жаңбыр, өткелден,

Тұманы көп көктемнен

Аман-есен өткенмен,

Бір қараға жеткенмен

Көзсіз көңіл боздайды,

Көргенінен жазбайды,

Қайдағыны қозғайды...


Мәтінді толық оқу



Кәнизак та болмадым

Кәнизак та болмадым,

Перизат та болмадым.

Болмағанды қолдаумен,

Көсеу болды қолдарым.


Мәтінді толық оқу



Тас жүректен махаббат күттім,

Тас жүректен махаббат күттім,

Тас мейірден шапағат күттім.

Жанбады!

Көзімнің жасын сықтым.


Мәтінді толық оқу



Төгілмеді, сөгілмеді сырларым,

Төгілмеді, сөгілмеді сырларым,

Шеше алмадым жыр-сәбидің құндағын.

Әзер жеткен аузы көкке бұл қыстан,

Жетім қозы сияқтанып тұрғаным!


Мәтінді толық оқу



Қазағымның базары тарқағалы

Қазағымның базары тарқағалы,

Нәзік жаным ауыр мұң арқалады.

Махаббаты мерт болған – Қыз Жібектей,

Елестейді Жайықтың жарқабағы.


Мәтінді толық оқу



Періште емес – пендемін

Періште емес – пендемін,

Мәңгі емеспін – демдемін!

Көрдім талай мықтының,

Мықыны көктен келгенін!


Мәтінді толық оқу



Бақ пен Қыдыр

(аңыз ретінде).


Тұншықтырып ғаламатты,

Мұз құрсанып дала жатты.

Сықырлатып сары аязды,

Бақ пен Қыдыр бара жатты.


Мәтінді толық оқу



Ұсақ кемшілігімді кешіре алмадың

Ұсақ кемшілігімді кешіре алмадың,

Асқақ қасиетімді – есіңе алмадың.

Алдыңда – жібектей, есіле алмадым,

Түйін боп қалдым да... шешіле алмадым.


Мәтінді толық оқу



Өлең жайлы


Мүсіндедім, теңедім...

Қалжырадым, қажыдым!

Ішімде өлді өлеңім,

Бар-ды қандай жазығым?!


Мәтінді толық оқу



Алтынай

(немереме)


Жылап келдің өмірге сен,

Келе сала жерінбе сен!

Өзіңсіз мен үш ұрпақтың,

Өкілі боп көрінбес ем!


Мәтінді толық оқу



Шәмші рухына...


Қыз болып, қылымсынып танысқам жоқ,

Жігіт боп стақан да қағысқам жоқ.

Сенімен жақын едім, біліс ем деп,

Атағың шыққан кезде жабысқам жоқ!


Мәтінді толық оқу



Қазақы жүрек.

( Сәбетқазы Ақатаевқа )


1999 жылы Хабар телеарнасынан түрлі
қоғамдық қозғалыстардың тартысты пікір-
сайысы болып жатты. Қазақтың ұлттық киімін
киген Сәбетқазы аға азуларын ақситқан шие-
бөрілер тобырына жалғыз шапқан – Көкбөрі-
дей... Сол сәт ол аспанға қарап ұлып тұрған-
дай әсер етті.


Автор.


Мәтінді толық оқу



Нұрикамал.

( әні бар )


Аспандағы ай ма дедім,

Жастық шағым қайда менің ?

Жүрегімді елжіреткен

Жаным қандай жайдары едің ?


Мәтінді толық оқу



Оралмандар туралы ой.


Оралмандар , оралғандар –

Аппақ нұрдан жаралғандар,

Жазықсыздан – атылғандар,

Жапа шегіп – қамалғандар !


Мәтінді толық оқу



Дос іздедім.


Дос іздедім, сабылып, Төлегендей,

Дос іздедім, қалың жұрт елегендей.

Дос іздедім, қуансам құшақ жайып,

Дос іздедім, сүрінсем, жебегендей.


Мәтінді толық оқу



Жұмбақтас.


Бірде – кемпір, бірде – қыз,

Су кешіп тұр іргеңіз.

Сіз отырған қайықтан,

Білінбейді жүрген із.


Мәтінді толық оқу



Тәуелсіздік туралы


Сен де арманда едің-ау, мен де арманда,

Сол арманға қол жетті, арман бар ма!

Өзімізді өзіміз таба алмастан,

Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.


Мәтінді толық оқу



Желтоқсан


Маған тиер таяқты саған тиер деймін-ау,

Өзімді емес, сені аяп, содан қайғы жеймін-ау!

Тыныштықты тілейтін, көңіл құсы – көгершін,

Көз алдыңда таусылып бара жаттым, не дерсің?!

Арал-анам тартылып, мұң болғанда маңайым,

Жүрегіме жүк салды Семейдегі ағайын...


Мәтінді толық оқу



Шындықпен бетпе – бет

немесе әкеммен диалог.



-Бетке тура қара да,

Тайдырмағын көзіңді.

Шындық үшін табаға,

Шыжғырса да өзіңді!

Тұншықтырма ойыңды,

Тұмшалама сезімді.

Мата орнына өтер деп,

Тықпалама бөзіңді! -

деген , әке , сөзіңмен,

Ашып едім көзімді !


Мәтінді толық оқу



Ей, Махамбет, ағатай !


«Құсалықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні...»

Махамбет.



Қаройда басың алынды,

Қапшыққа сосын салынды.

Қуанып дұшпан жарылды,

Жарың қара жамылды.

Құрбандық малдай бауыздап,

Сұлтанның кегі алынды!


Мәтінді толық оқу



Қайтейін...


Сұлу сөзді қайтейін,

Сезілмесе шуағы.

Күлімкөзді қайтейін,

Жеңілдесе тұрағы!


Мәтінді толық оқу



1  2