Лебіз
Сол күні Темірландағы салтанатқа келген әр адамның жүзінде нұр тұнып,Күнмен бірге шырайлана жасарды.
Қалбыр Базаргүл
Сен жырлаған табиғат та құлпырады ерекше,
Кемпірқосақ,найзағай да жарқ-жұрқ,етіп бөлекше.
Күндегіден қунақтау боп тынысымыз кеңейер,
Жетектеп бір әкетесіз,гүл теруге белеске.
Исақ Гүлзада
Демеспіз сірә,болмасты болғыз,
Кеудеңіз Сіздің,беу,қара қобыз.
Булыға беред,өз күйін таппай,
Ағыл да,тегіл ашылмай нағыз!
Жүсіп Рәтбек
Көкем өзін сезім сәулесінің діріліне дейін жетілдіре алатын зергерлігімен ерекше.
Жантасова Зылиха
Бірақ,сен сөйлесең
Ордабасы,Өгем де,
Қазығұрт пен Бөген де
Сөйлеп тұрады-
Сол кезде адамның басына
Тауға жиналған бұлттай
Ой кеп тұрады.
Медетпек Темірхан
Ақын үшін жұмбақ көп.Ең басты құпия-оның өз жүрегінде,жанында,Құдай берген талантында.
Қыстаубайұлы Захардин
Жалт қарасаң,жалауланып дүние,
Құйылғандай Ордабасы жақтан нұр!
Қалыбекова Әселхан
Н.Бегалыұлы табиғаттан өзін,өзінен табиғатты іздеп таныған тамыршыдай өлең сөзбен сурет салатын нәзік жанды мұңшыл лирик ақын.
Бұғыбай Қанипа
Қолданыстан шығып қалған,не болмаса айта-айта тақ-тұққа айналған сөздерді жұмсар-тып,татынан тазартқандай жарқыратады ол...
Боранбай Жарылқасын
Тау аттаған көремін тың із бұдан,
Гүлзарынан жырының мың үздім ән-
Әр қатары сол жырдың бір-бір әуен
Сызылып бір шыққандай сыбызғыдан.
Бекей Мұрат
Өзіме тілеген жақсылықты сізге тілеймін.
Есенқарақызы Ханбибі
Нармаханды поэзиядағы Сүгір,кәдімгі ақтаңгер күй сазгері,теңі жоқ домбырашы Сүгір деп әбден айта аламын.
Дәуменов Елтай
Н. Бегалыұлы өлеңдеріндегі ой мен сезімнің суреттілігі,суреттің ойлылығы мен сыршылдығы оның алғашқы жинағының беттерінен де жиі ұшырасатын.
Дәдебаев Жанғара
Өшпегей де өлеңіміз,отымыз-
Өзімізбен жүрек суып өлгенде.
Мейірбекұлы Әлібек
Нармаханға қарасаңыз – қарапайым бір қазақ,
Өрнекті өлең өрнегінде өз бағытын ұстанған.
Тұрмаханбет Аманкелді
Тың тірлік көрсең тұймедей
Көңліңді көтер күй демей,
Жыр құмарларды еліттің
Жұпарын шашқан жидедей.
Төретай Қабылбек
Шеберліктің шынайы шыңына жеткен Нарағаңның ауызға алғанын яки тасқа бастырғанын қайталау әсте мүнкін емес:әрбір сөзінің әріне нәрі,өңіне сөлі жарасты.
Сахабат Сәрсен Бек
Нармахан лирикасының өзгелерден көп айырмашылығы бар. Ол жүректі сезімге бөлеу-мен шектелмей,сонысын ақылға қосақтап,ойыңа салмақ салып қояды.
Шілтерханов Әдіһам
Құрт ішкендей құмардан да шықтым!
Шаңғытбаев Қуандық
Тегінде тарих алдағыны күні бүрын болжайтын көреген кісілер болатынын жоққа шығармайды.Шын таланттар да солай. Мұны Нармахан көтерген немесе жырлаған мәселелер ауқымынан көрер едіңіз.
Тұрмаханбетов Бердуәлі