Бегалиев Нармахан

Лебіз


«... ақын ой мен сезім сәулесін сыршылдықпен үндестіре біледі. Ол бірде мөлдір бұлақтай сылдырласа, бірде қызғалдақтай шоқ тартады, бірде теңіз толқындарына ұқсаса, енді бірде найзағайдай жарқылдайды, біресе жел соғып сезім күйін шертеді.»

Оразалиева Жадыра




«Оңтүстіктің жұпар шашқан жидесі»

Қайырбеков Ғафу




«Нармахан - өлеңі тұнған образ, ойлы суреткер ақын»

Мәуленов Сырбай




«Ұлы дер ем, ұлылардан ұятты,

Ұлылардың ізі дейін – нәсілі»

Қосалиев Сатыбалды




«Мен ақын Нармахан Бегалыұлы классик деп танимын»

Оңғарсынова Фариза




Азамат туған ардағым,

Тарихты жанмен ұғатын.

Тағдыры жырлы тарланым,

Темірландағы бұл ақын!

Ғашықсың туған далаға,

Ордабасы ғой қолдаушың.

Намыс пен Арсың Нараға,

Өлеңде бөлек өз даусың!



Ақын Ысқақ Әкім



Аман-сау жүр, Нармаханым, нар інім,
Басылмапты баяғы сау арының,
Шашылмапты мазмұнсызға жалының
Рухсыздың бәрі кедей, бәрі күң,
Рухыңмен бөлінбесін дарының,

Дарынсыздар сыйпай берсін қарынын,

Қанаттыға қажет сенің қарымың,

Аман – сау жүр, Нармаханым, нар інім!

Шаханов Мұхтар




Бағытыңнан тайқып ілкі баспадың,
Күндемедің сән тірлігін басқаның.
Ділің сара, жырың айтап сондықтан,

Өзгелерден биік сенің аспаның.

Айнабеков Кәрім



«Нармахан – қазақ поэзиясының нар тұлғасы. Оны түсініп, түйсініп оқи білу керек»

Аймақ Әбілда




Сілбілеуде «Жиде жұпар шашқанда»,

«Ботагөз бұлақ» бұлқынады бақшамда.

Ленгер ілдің мұзартыны мақсаттың,

«Жотадағы жолың» айқын ақшамда.

Айнабеков Кәрім




Ұлы өнерді ұрандап,

Болашаққа баратын–

Түркістанда–– түмен бап,

Темірланда –– Нар-ақын.



Иран- Ғайып



«... бір шумағының таусылмайтын сырындай ұшы- қиырына адам шыға алмайтын, шықтым дегенімен оның үдебарасына жете алмайтын өлең жазу нармахан Бегалаұлының ғана маңдайына бұйырған бақыт!»



Аймақ Әбілда, ақын,

Қазақстан жазушылар Одағының Басқарма мүшесі.



«Нармахан – суреткер ақын. Оның дүние көрісі, табиғат танымы, соларға мән – мағына беруі мүлде өзгеше сипатта... Әдетте, көру күші түйсіні сезімі, өзгешелік – ақынның басты қасиеті. Сондықтан да, сол өзгешелік тілдегі бояуды да, нәрлі сөздерді де өзімен бірге ала келеді»

Қайырбеков Ғафу




«... ақын ой мен сезім сәулесін сыршылдықпен үндестіре біледі. Ол бірде мөлдір бұлақтай сылдырласа, бірде қызғалдақтай шоқ тартады, бірде теңіз толқындарына ұқсаса, енді бірде найзағайдай жарқылдайды, біресе жел соғып сезім күйін шертеді.»

Оразалиева Жадыра



Әлсін-әлсін, қайта-қайта оралып, жиі-жиі эстетикалық ләззат алатын лириктеріміздің бірі – Нармахан Бегалы.

Байғұт Мархабат



Түсінгендер «Нар» - дейді Нармаханды,
Бейімдеген табиғат жыр ақынды.
Феттен сырлы өлеңге өрнек тағып
Қазақ тілден таныттың аудармаңды.

Сыбырласа сыңғырлап сансыз бұлақ,
Жағалауын тербейді жалбыз – құрақ.
Ағын сулар сылаңдап мөлдірейді
Арнасынан ашылып жалғыз сұрақ?

Бұл қалай деп? – айтады кейбіреулер,
Бейпіл ауыз шуылдап, бос кеуделер.
Түсінбейді лирика құпыйясын
Тізіп салған сурет қой, көп теңеулер.

«Күмбірлетіп дыбыстың кіл құмбылы»,
Оқылды кеп Ресейде бұл жырыңды.
Алтын медаль сыйлықтың лауретын
Жарқыратты кеудеңе Күн нұрыңды.

Бақыт болсын ,табыспен әрі қарай,
Шабыт толсын–қаламың әлі талай.
Қазағымның көтердің нағыз тілін
Толғаныста көрініп бәрі оңай.

Құтты тілек айтамыз көз көретін,
Шын ниетпен естіртіп сөз іретін.
Құдыретін бағалап поэзияның
Ақыны ғой Нармахан біз білетін.

Ақыны көп қазақтың шындық қуған,
Өзің бергін жауабын анық бұған.
Талайлары өмірден жылап кетті
Куә етіп тарихты халық саған.

Маханұлы Серікбай



1  2  3