Зылиха Жантасова

Асыл сөз


«Сезімге сызат түссе, кінәмшіл күй кешеді».



Адам мәселесіндегі күрделі қарама-қайшылықты, дүниетаным-дық қақтығыстарды бейнелеу прозаның даму үдерісіндегі басты тенденцияға айналғаны анық.



«Абайтану - мұрат, абайлық өріске талпыну – парыз».



«Нәзіктікті іздесең, бауырында жылап аққан бұлақтардан табасың».



«Ыстыққа шарпылған терезенің қырауы тамшы боп еріп сырғанап барады. Тура бір көз жасындай...»



«Алладан пәрмен болып, жанарына нұр құйылады. Мынау аппақ дүниемен қайта қауышты. Жан сыры құпия болған әдемі қобдишаны ашып қараса сақтаулы жалғыз көзден жас тамып тұрғанын көрді. Көз жылап тұр.»