Лебіз
Зылиха сөздің дәмін, дыбыстың нәрін, сөйлемнің құдіретін кереметтей сезінеді. Сезіндіреді. Оның адамдарды, адамдардың жан-жүрегін, әрекет-харекетін, тағдыр-талабын, күллі психологиясын көркем-сөздің құдіретімен кестелеудегі өзгешелігі әрі қуантады, әрі таңырқатады, тіпті қорқытады да.
Мархабат Байғұт
Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
Зылиқа өзінің кәсіби де нәсіби жазушы екенін баяғыда дәлелдеп қойған. Әмбебаптағы тағы бар, ғылыми атақтан да жұрдай емес. Өзім оны, Ж.Оразалиева екеуін баста әдебиет сыншысы деп қабылдаған һәм сүйсінген ем. Жүре келе Зылиқа қарасөзде де орны барын дәлелдеген жорғасын ашты. Ойы да тастемірдей нақты-нақты.
Сәрсенбек Сахабат
Ақын, Қ. Қазиев атындағы әдеби сыйлықтың, халықаралық «Нәзір қоры»
сыйлығының, әл-Фараби атындағы сыйлықтың лауреаты
Жазушының әңгімелерінің ерекшелігі, өмірдің өзіндей қарапайым әрі терең. Уақыт жылдам өтіп жатқан зымыран заманда оқырманды толғандырар осы ширақ та жұмыр жанрға іш тарту да дұрыс сияқты.Қазіргі прозаның басты шарты қысқалық болса,қаламгер осы мүддеден шыққан.
Раушан Кажиакбарова
Филология ғылымының кандидаты, доцент
Негізінен З.Жантасова шығармалары бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтиды. Сондай фонда постмодернистік кейіпкер трактовкасын жасай отырып, жазушы шығармаларының денін ішкі монологқа құрады. Бүгінде мейірім азайып, адамдардың адамгершілкітен ауытқып бара жатқанын Злиха Жантасова әңгімелері арқылы тағы бір іштей түйсінгендей боласың.
Оразалиева Жадыра
Қазақ әдебиеті ғылымының магистрі
Өзінің ішкі әлеміне сәуле түсіру, наурызгүлдей нақыстарды нәрлендіру үшін ғана жазатын Зылиханың жинағы шығармагердің жан жылуымен төңірігіндегіні түгел түйсініп тұрғандай.
ақын Нармахан Бегалыұлы,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері,
К.Симонов атындағы алтын медаль иегері
Әдебиетімізде өз өрнегімен келген жазушы Зылиха Жантасованың «Жанымның жаз ғұмыры» деп аталатын әңгімелер жинағы жарыққа шығып, өз оқырманын қуанышқа бөледі. Автор алғашқы әңгімелерінен-ақ оқырманын бірден баурады. Оның себебі, қаламгерлік қолтаңбасымен ерекшеленетін Зылиханың туындылары өмірімен өзектес болып келеді.
Нурила Халикова,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ әдебиеті
кафедрасының аға оқытушысы
Жазушы әңгімелерінде авторлық идея үнемі адами мораль, имани іс-әрекетгерге бастайды. Адамдарды ізгілікке үйретіп, күйкі тіршіліктен гөрі рухани үндесуге шақырады. Сондай-ақ, Зылиха әңгімелері адам өмірінің құндылықтары туралы ойларға жетелейді. Шығармалары қарапайымдылық пен қатігездіктің бітпес күресінің көркем суретті іспетті әсерде қалдырады.
Нурила Халикова,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ әдебиеті
кафедрасының аға оқытушысы
Кейіпкер бейнесін жинақтауға ықпал ететін көркемдік әдістер, кейіпкер мінезін жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылуы, шығарманың жалпы көркемдік болмыс-бітімі Зылиха прозасында үлкен жетістіктермен көзге түсуде. Зылиха көркем ойлайды, өрнекті жазады.
Нурила Халикова,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ әдебиеті
кафедрасының аға оқытушысы