Есқара Тоқтасынұлы

Асыл сөз


Адам дүние екі мәрте келетін болса, өмір қызығы кемуі кәдік. Ал жастық шаққа оралу жамағаттың шырылдаған тілегі.



Кездейсоқтың бәрін ұнатамын... Өлімнен басқа.



Бөгетті бұзған су – өжет. Ышқынып, құтырып ағады. Дарын да сол, кедергі, одан бетер шыңдайды, ашындырады – шапса қылыш өтпейтін, суға салса батпайтын етеді.



Тірліктегі ең тұрақты – білім. Ол миллион замандастың бір білер өмірін зая өткізіп жүргенін көзіне шүкиды... Иә білімдарлық – Алладан кейінгі құдрет.



Суреткердің үш түрі бар. Ұлы суреткер... Екіншісі де дүлдүл. Олар біршама. Анда-санда ойландыратын: «оларды ұлылыққа жеткізбеген не?» Тектегі, тағдырдағы, мінездегі мардымсыз жарқыншақ па? Зады, ұлылар қатарына қосуға лайықты кейбірі: дүниеден арына шаң жұққызбай, өнерлі жасқа мейрім – шапағатын аямай беріп өтетіндер. Жан байлығы, қасреті, үшіншіден (пәтшағардағы ауызға алмай-ақ қоялық). Көрген қорлығы – бір романға дерек.



Жұпыны киімді, егде кісілер көшеде басы салбырап келе жатса, ағайын есіңе тұт! Мемлекет әділетсіздігін солардың келбетінен оқы. «Ауыл», «халық» деген ұғым соларда сақталған.