Лебіз
Жазушы Есқара Тоқтасынұлы қиын да қызықты өмірдің бел ортасында жүрген талай-талай тартыстар додасын, қайшылықтар қақтығысын тікелей бастан кешіп, тайсалмай күресіп, суреткеліктің азабын сезініп келе жатқан жазбагер.
Мархабат БАЙҒҰТ
Жазушы Есқара Тоқтасынұлының шығармашылығымен алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдары танысқан едім. Ол кезде студентпін. Болашақ мамандығым журналист болғандықтан, оның үстіне бала кезімізден қалыптасқан көркем әдебиетке құмарлық әдетімен газет-журналдарда жарияланған мақалаларды, әдеби туындыларды қалт жібермей оқуға тырысатынмын. Сондай бір сәтте қолға түскен «Жалын» журналының кезекті нөмірінен «Мыңжылқының үстіндегі түн» деген әңгімеге кезіктім. Шығарма кейіпкері ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Құлыншақ Кемелұлы екен. Кейіпкердің өмірде болған тарихи тұлға екендігіне қарамастан, жазушының сөз саптауынан бірінші кезекте образды көркем кестелеу, шығармаға арқау болған оқиғалар желісін оқырманды ширықтыра, қызықтыра баяндау, сөйлемдер бояуының қанықтығы бірден аңғарылды.
Орынбек ЖОЛДЫБАЙ