Есқара Тоқтасынұлы

Өмірдерек


Есқара Тоқтасынұлы 1944 жылы 15 қарашада туған. 1965 жылы ҚазПИ-дің филология факултетін бітірген.
Иниституттан соң туған жеріне оралған ол ұзақ жылдардан бері Кентау қаласында спорт саласында қызмет атқарды. Қазір де Кентау қаласындағы балалар спорт мектебінде грек-рим күресінен бапкер.
Жасынан жазушылықпен айналысатын оның көптеген шығармалары республикалық баспасөзден өз оқырмандарына танылып қалған. Жазушының «Екі жүз отыз жетінші шақырым». «Сахара мұңы». «Елім-ай, елім» деген прозалық кітаптары жарық көрген. Қазақ әдебиетінде спорт тақырыбына тұңғыш жазған «Бауырым-ай» романының авторы.
Е.Тоқтасынұлы ВЦСПС-тің құрмет грамоталарымен марапатталған.