Асыл сөз
Ақын болу – ешкімге міндетті емес,
Нағыз адам боп жүру-қиынырақ.
Тегім біреу-халықтан жаралғанмын,
Санат, иман, нұр өзек-бар арманым!
Боз дүние! Бозарғанша жанса – шы!
Боп-боз көзден өкініш жас тамса-шы!
Ұнсіз, тілсіз бозарды көп қазақ,
Тіл үйреніп, тілге келер қаншасы?!
Аяр жаннан бықсыған сөз қалады,
Дауда сына досың мен боз баланы.
Тексіз адам – дауасыз, жеңем деме,
Жеңіс – ұяттың әдептен озбағаны.
Жастықтың қандай саны бар
Жоқ болса елге берерің?
Өмірдің қандай мәні бар,
Алынбай кетсе керегің?!
Тұмау арты – құрт болар,
Тұман арты – жұт болар.
Шыны ғашық қосылмас,
Шыны досытық айрылмас.