Баян Тіленшина

Лебіз


Жетпісінші жылдарда тырнақалды жырларымен «Қазақ ертегілеріндегі психология» сияқты ұлттық танымдық ғылыми еңбектерімен үміттендіретін Баян Керімқызының «Қиямет қайым», «Сұрқия» т.б. қазақ өмірінің даму мен ішкі қайшылықтарына құрылған романдарынан соң «Ғибратымен» таңдандырды. Бұл кітап құрғақ баяндай емес, бас кейіпкер ақынжанды, елжанды азамат Керім Майлиннің ішкі рухани батырлығы мен жан азабын нәзік лирикалық сезіммен бірге жылатып, бірге құлатып, шынайы сеніммен жеткізе алған жұп-жұмыр дүние.

Оразалы Сәбден,
Қазақстан ғалымдар Одағының Президенті, ҚР ҰҒА Академигі,
э.ғ.д.,профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты



Десек те, зұлымдық заңдарына, аярлық апандарына суреткерлікпен барлау жасауға тырысып, иланымды характерлер бейнеленген Баянның көп бейнет-мехнатты бастан кешкенін қайталап айтқанымыз артық болмас.

Мархабат Байғұт
Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты



Туған жерге тағзым, өскен елге қызмет етуді борыш санаған азаматтық ұстанымы, ұстаздығы, адалдық пен парасатқа деген құштарлығы, жалпы адамзатты сүйіп, бауыр тартатын елгезек табиғаты, шындық үшін серттесер өр мінезі, бәрі шынайы сыр шертеді.

Зылиха Жантасова
Жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент