Баян Тіленшина

Өмірдерек


Тіленшина Баян Керімқызы 1949 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, Көмеш – бұлақ ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді. 1972 жылы Шымкентте педагогикалық институттың физика-математика факультетін үздік бітірді.
Еңбек жолын 1972 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, 29-шы Керім Тленшин атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастаған Баян Тіленшина ұстаздық пен қаламгерлікті қатар алып жүрді.
Еңбек жолын 1972 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, 29-шы Керім Тленшин атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастаған Баян Тіленшина ұстаздық пен қаламгерлікті қатар алып жүрді.
1972-1986 жылдары мектепте ұстаз, 1986-1989 жылдары ОҚО Атқару комитетінде саяси қызметкер, 1989-1993 жылдар аралығында одақтық СВЦМС тресінде «Рауан» қазақша балабақша ашып, басқарды.
1993-1998 жылдары ҚР ОҚО Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1998-2009 жылдары ОҚО, Сайрам ауданы, Керім Тленшин атындағы №29-шы қазақ-орыс тілді орта мектептің директоры қызмет атқарды.
1986 жылы ОҚО Атқару Комитетіне Председатель С.О.Жандосов орналастырған алғашқы компьютерлік жүйеге облыстық басқаруды қамтамасыз ететін схемалық бақылауды жасаған.
Баян Тіленшина «Қиямет-қайым», «Ғибрат», «Сұрқия», «Арман-дүние», «Зауал» атты 5 романның, 5 ғылыми- педагогикалық кітаптың, 12 жыр жинағының авторы. 2019 жылы ІV томдық таңдамалы шығармалар жинағы «Әлем» баспаханасынан жарық көрген.
Баян Керімқызы ҚР педагогика Академиясының профессоры. Оның «Физиканы оқытудағы аналогия», «Электромагниттік толқындар шкаласы», «Әріп-әліп» атты ғылыми-педагогикалық еңбектері жоғары бағаланып, халықаралық «Лучшие люди» орденін иеленген.
ҚР «100 есім» иегері, білім беру ісінің үздігі. Сайрам ауданының «Құрметті азаматы». «Оңтүстігім», «Сайрам-елім», «Менің Сайрамым», «Кітапханам» т.б.әндердің авторлығы үшін фестивальдердің лауреаты атағы берілген.
Баян Тіленшина бұрынғы СССР-дің 1984 жылғы «Бүкілодақтық шығармашылық жастары» фестивалінің және Қырғызстанның, Әлемдік 2018-2019 жылдарда өткен онлайн жыр фестивальдерінің ІІ-дәрежелі дипломанты. ҚР Жазушылар одағының мүшесі және «Түркі әлемі Жазушылар одағын» 2021 ж. құрған президенті, халықаралық М.Х.Дулати атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Қырғызстан Республикасы 2021 жылы ұйымдастырған еларалық «Достық көпірі» шығармашылық байқауының «Золотое перо» жеңімпазы.
Бүгінде «Тұран туы – Түркістан» әнінің авторлығы үшін 2018 «Ұлы дала» арнайы сыйлығын иеленген Баян Керімқызы министрліктер мен әкімдіктерден басқа «Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін», т.б. 15 медаль мен 1 орден таққан ана.
Қазақстаның құрметті жазушысы 2024 сәуір.