Баян Тіленшина

Туындылары


ЫБЫРАЙ АТАМ МЕКТЕБІ

Ыбырай атам мектебі,
Еңсесін тіктеп, көктеді,
Егеменді еркіндік,
Еліме нұрын төккелі.
Азаттықтың құрдасы,
Ақындардың жыр басы,
Алтынсарин мектебі –
Кәусар білім жылғасы!
Аталардың арманын,
Жалғап жүрген тарланым,
Көшбасшысы танылған,
Айтпайыншы қалғанын.
Жаса, жаса мектебім,
Менің балғын көктемім!
Екеумізде бір намыс,
Бір межеге беттедім