Орынбай Шойбек

Асыл сөз


Шымкентте Төрегелді Байтас екеуміз «Жібек жолы» дейтін атаумен журнал шығардық. Бұған дейін Қазақстанда ондай тәуелсіз басылым болған емес. Сол себепті тұңғыш тәуелсіз басылым шығардық деп айтуыма болады.



Ал тәуелсіз қазақ елінің шытырман жазушысы дегенде кімді айтарымды өзім де білмеймін. Қазақ детективі дегенде тіліміздің күрмеле беретіні қазақы дүниені жасай алмайтындардың көптігінен болса керек.



«Қайғы заманның» қай жерінде болмасын Төле бидің кез -келген әрекетінде
ұлттық мүдде көрініс береді.



Шытырман дегеніміз өз заманының деректі туындысы ғой.



Қазақ астарлап сөйлейді. Сөзге шешен. Мақал-мәтелдерді қолдануы өз алдына.



Мынадай жаһандану саясаты белең алып бара жатқан заманда біздің сыншыларымыз да, жас жазушыларымыз да ұлттық мінезі жоқ туындылардың жұтылып кететінін ұмытпауы тиіс. Әрі әдебиеттің өзіміз үшін жазылуы керек екенін еш естен шығаруға болмайды.



Менің ертегілерім ересектерге арналған. Оның астарында түсінікті, жеңілдеу пәлсапа жатыр. «Санада» да, «шапағат пен мейірімде» де , «Қайғы мен Күлкіде» де, «Алтын мен дәнде» де солай. Ондағының бәрі бүгінгінің экологиясы, мейірімсіздік, қатыгездік, қайғының көбеюі, күлкінің азаюы деген секілді дүниелерге құрылған.



Жалпы сыншылар әділ әрі талғамы биік болуы керек. Сонда жазушылар одан да биіктен көрінуге талпынады. Әдебиет осылай дамуы тиіс.