Лебіз
Шыңға шыққан шынар
жазушы інім
Шойбекке арнаймын
Мамыр Тарақтыұлы
Мәтінді толық оқу
Қаламның киесі бар деп ұғынған қаламгер ғана шығармашылықтың азабы мен қиындығына төзе біледі.Мектеп қабырғасында жүргенде бірер әңгімесі жарық көрген Шойбек Орынбаев он бес жылдай тым-тырыс жатып алды. Бұл екі ортада ол журналистік мамандық алып, газеттерде істеп, өмірге терең араласа түскнедей еді.
«Жібек жолы» баспасынан
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады деп Абай атамыз айтқандай, Шойбек ағаның бойынана осы жақсы қасиеттердің барлығы табылады. Қарапайым, кішіпейіл, еңбекқор, мейірімді де, ақылшы, көрегенділікпен кішіге үлгі боларлық қасиеттері басым дер едім. Осындай елінің ұлы бола білген азаматты ұстазым деу мен үшін үлкен мақтаныш!
Л. Қасымбекқызы
«Образ толыққандылығы – жазушының жеңісі. Жинақтағы ұнамды, ұнамсыз характерлері біршама ашылып, саралана бастаған кейіпкерлерге Шойбек Орынбаевтың Бекданын жатқызуға болады. «Қымбат дәрі» әңгімесіндегі Бекдан «күйдім-сүйдімнің адамы емес, өзіндік кісілік келбеті бар. Сырын тереңге сақтайтын жайсаңдығымен танылып, ісімен сүйсіндіріп, сенімді жар бола алатындығын дәлелдеген жан.»
«Жалын» журналының 1986ж. №2
«Арман жүгі-ауыр жүк» мақаласынан
«...Шойбектің әңгімелері қай жағынан болмасын әдеби талғамнан шыққан, композициялық құрылымы жинақы, тілі шұрайлы, оқиғалары нанымды көрінеді. Қаламгер қарымын да осы әңгімелері анықтаса керек.»
«Қазақ әдебиеті» газеті 21 сәуір.
«Жас автор өмірді білетіндігімен, сол өмір шындықтарын қою сюжет, шытырман тартыс, ширыққан драматизм арқылы жап-жақсы бере білуімен тартады. Жинаққа енген бір повесть, алты әңгімеде табиғилық бар. Туындыларының тілі де таза.»
«Қазақ әдебиеті»
газетінің 1987ж. Сәуірдегі №14
Қос Келес өңірі Шөкеңді жақсы біледі.
Шөкең де бойындағы сарқылмас сезім мен ақыл, қайратты, шабытты Сарыағаштан, қос Келестен алғанын ұмытпаған, ұяңдау күйде қалған ұлт жазушысы, ұлт жанашыры.
Ол кісінің көлемді дүниесі «Қайғы заман немесе Төле би тағдыры» атты романы әлі түрен салынбаған, бағасын енді алатын дүние! Өзін ХХ ғасырда әбден, жан-жақты танытқан Шойбек аға бағасын осы ХХІ ғасырда алатын болар.
Кішкентай ғана «Фронтовойдан» шыққан Қонысбай шалдың баласы Шойбек, өзіміздің Шөкең қазақ деген ұлт үшін таудай тірлік бітірді.
Көңілім тұщынып, шығармасын үзбей оқитындарымның бірегейі – Шойбек Орынбаев.
Қалдыбаве С.
ҰОс ардагері, ақын
Қазақ әдебиетіне ХХ ғасырдың 90-шы жылдары келген мықтының бірі Шойбек Орынбаев.
Шерхан Мұртаза
Қазақ әдебиетінде детектив жанрын байытуға сіңірген еңбегі өз алдына үлкен дүние. Жалын журналының осы жанр бойынша жариялаған жабық бәйгесінің екі рет лауреаты болу да осы кісінің маңдайына жазылған.
Анар Аспан
Құралбек Ергөбеков
ҚР Журналистер одағының мүшесі