Асыл сөз
Журналист – сөз зергері, журналист – саясаткер, журналист – жаңалық жаршысы, журналист – қоғамның қозғаушы күші. Жаны таза, ойы ұшқыр, қаламы жүйрік журналист – халық қазынасы дер едім.
Журналист БАҚ-тың қандайын да тікелей жеке бас пайдасына пайдалануына болмайды. Жымысқы тапсырыспен біреуді мұқатып, мақала жазатын журналистің арында батпан-батпан кір-қоқыс жатады.
Еліміздегі жаңалықты жаңалықты халыққа жеткізу – журналистің еншісі. Олай болса халық үшін қызмет етіп жүрген журналистке ешқандай жерде кедергі болмауы тиіс.