Лебіз
Байдулла қаламгерлікпен қат қабат азамат – қайраткерлікті қатар ұстанды. Ол баспасөз бен телерадиода жауапты қызмет атқара жүріп, туғант ел, өскен ортаға перзенттік қызмет етуді бір сәт те естен шығармады.
Еркінбек ТҰРЫСОВ
Ана өз баласының қадам басқанына, сықылық атып күлгеніне, былдырлап сөйлегеніне қандай ақжарылқап қуанса, сен де маған сондай қамқоршы болдың. Осының үшін саған қарыздармын, «Оңтүстік Қазақстан»! Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті, өңірдің қара шаңырағы қалтқысыз қамқоршы болған қаламгерлер тіпті де аз емес. Тәкен Әлімқұлов, Сәуірбек Бақбергенов, Еркінбек Тұрысов, Мұхтар Шаханов, Исраил Сапарбай сынды, тағы басқа да айтулы ақын-жазушыларыңызды айтпағанда, «арқалағаны алтын, жегені жантақ» (Шерағаңның сөзі ғой) журналистікті жауапкершілікпен, азаматтықпен атқарып, бақ-берекелерін БАҚ-тан тапқан танымал тұлғалар қаншама. Солардың бірі – Байдулла Қонысбек.
Садықбек АДАМБЕКОВ
Журналиссимус десе, журналиссимус қой бұ Байекең. Бүгінде бұ кісі облыс журналистерінің төбе биі ретінде танылған. Әбден мойындалған. Қаламгерлер қауымы толайым-тұтас тыңдайды.
Мархабат БАЙҒҰТ
Қонысбектің беделі де, болмысы мен табиғаты да жапырақтары жайқалып, бұтақтары кең жайылған, саясы мол, төбесі көк тіреп, тамырлары қара жердің қыртысына терең бойлап кеткен алып бәйтерекке ұқсас.
Жәлел КЕТТЕБЕК
Тектілік қызметпен, лауазыммен емес, адами болмыспен бірге қалыптасып, қаныңмен бірге айналып тұрады. Бәлкім, адамның жасын да түр-тұлғасын да, мінезін де өзгертпей, әдемі қалпында сақтап тұратын таразысы осы тектілік шығар. Байдулла аға алпысқа келді дегенде мен әлденеше таңқала тұрып, осындай ойдың теңізінде тербеліп бара жаттым.
Жәлел КЕТТЕБЕК
Еңбек жолын бастағаннан бері 60 жылдан астам уақытта көптеген шәкірттерге ұстаздық, тәлімгерлік етіп, олардың журналистика мамандығын жетік игеруіне күні бүгінге дейін қамқорлық жасап келеді. Бүгінгі шығармашылық кездесуге келген мектеп оқушылары да Байдулла Қонысбектей ел азаматы болуды қалайды.
Нармахан БЕГАЛЫҰЛЫ
ҰСТАЗЫМА
/ Қазақстанның «Құрметті журналисі»,
ОҚО-ның Құрметті азаматы Байдулла ҚОНЫСБЕККЕ /
ОҚО-ның Құрметті азаматы Байдулла ҚОНЫСБЕККЕ /
Тектіліктен таза ұрпақ тараған,
От ауызды шешенге ел қараған.
Айтпай шіркін, ұғынатын жайлар көп,
Түсінетін ұлды Биге балаған.
– Айналайын, – дейсің қазақ халқымнан,
Айнымасаң болды ата салтыңнан.
Мұндай заман екі келмес ұлтыма,
Үміт күтем шәкірттерден талпынған.
Деген сөзің бойдан алар ерікті,
Шәкірттермен бақ-береке беріпті.
Сіз еккен тал бәлкім біздер болармыз,
Жеміс берген, саялы ағаш көрікті.
Бірлік десе бойға тарар қаныңыз,
Ынтымақпен жадырайды жаныңыз.
Ел, – деп соққан шырылдаған жүрегің,
Әр күн сайын таразыда – Арыңыз.
Талғат ОРМАНОВ
Байағаның әдемі әзілі, жайдары күлкісі, жұртқа жағымды мінезі, талапшыл туралы көп әңгіме айтуға болады.
Бір кездері «Оңтүстікте» қызметтес болған осындай әріптес ағаларым, замандастарым әр жақтабасшылық жұмыста болып, кейінгі жылдарықайтадан қара шаңырақтабас қосып жатырмыз. Байекең де қайтадан ортамызға қосылды. Көп өзгермеген. Сол баяғы күлкі, әдемі әзіл, жоғары талап.
Еркін ДОСЫМБАЙ
Бай – ағаның әрбір сұхбатындағы тұлғалардың өмірлік қасиетін, мінез – құлқын, дүние танымы мен ойлау ерекшелігін аңғарамыз. Әр сұхбатты оқыған сайын оның жастарға берер тәлім-тәрбиелік мәнінің жоғарлығына, халықты ынтымақ пен бірлікке топтастыра түсетініне көзіңіз.
Дидар БЕГАЛИЕВ