Есенқара Ханбибі

Туындылары


Оралмандар туралы ой.

Оралмандар , оралғандар –
Аппақ нұрдан жаралғандар,
Жазықсыздан – атылғандар,
Жапа шегіп – қамалғандар !

Шілдей тозып, жер ауғандар,
Езі – қалып, ері ауғандар.
Ібілістен , сайтандардан –
Аты үркіп, теңі ауғандар !

Өлдің – жіттің, аз-ақ қалдың,
Жатқа сіңіп, азаптандың.
Сонда – дағы , сақтай білдің,
Қазақтығын – қазақтардың !

Манғол бардың, Қытай бардың,
Үнді бардың ... жұтай бардың.
Куәсі боп қалдық біздер,
Көзірі көп ұпайлардың!

Жынға – пері жолыққандар,
Ел қайғысын кері ұққандар :-
Мықтыларды жер аударып,
Кірмелері тоғытқандар !..

Тілді ұмыттық – дозақ бардық,
Шоқынуға аз-ақ қалдық.
Өзімізді жүндей түтіп,
Өзгелерге мазақ болдық!

Оралыңдар , саямыз бар,
«Ақтаңдақта» - бай аңыз бар !
Кешіріммен қараңыздар,
Сіздер бізді, аяңыздар !