Бегалиев Нармахан

Туындылары


***

Кешіре гөр момыныңды, жан – ана,
Салғызбадым саған сая – сағана.
Қайтқаныңда көктем еді,
Жыл сайын
Жас шөп өссін дедім ескі молаңа.

Күн аялап игі нұрмен ырыстай,
Топырағыңды бөлеп жиі күміске Ай
Сендегі ұлы үнсіздікке
Түнгі аспан
Жетсе деп ем қиялдағы дыбыстай.

Шаруа елдің, жүзіңді ащы тер шылап
Жүретінсің. Жалғызың да жершіл-ақ.
Тірліктен
Алып кете алмадың-ау бір шырақ.

Қайран өмір сыймай мөлшер – өлшемге,
Түсіріп жүр енді ұлыіды ел-сөлге.
Армандаймын
Бүгінім мен Ертеңнен
Өткеніңе жеткізсем деп бір сәуле.

Бесік жырың – бойтұмарым – байырғы ән,
Дәметпеймін сенсіз мейір-қайырдан.
...Еркіндігін өртеп жатыр жапырақ,
Бұлтағынан ізім-қайым айырған.