Туындылары
***
Баса көктеп қыс айын,
Суық нөсер жауғанда.
Үйге қалай сыяйын?
Қиял саған ауғанда.
Жанға жайлы жылы жер,
Жібермеймін дер мені.
Оған қалай көндігер?
Жас жүректің пәрмені.
Көз алдымда көлбеңдеп,
Шақырады бейнең кеп.
Кеттім кеше келем деп,
Отырсың ау елеңдеп...
1986 ж.