Өмірдерек
Байтасов Төрегелді Серікбайұлы 1955 жылы 12 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы «Төрткүл» ауданында туған. Жастайынан нағашы әжесінің қолында өседі. Бастауыш сыныптарда жүріп – ақ ауыл қарияларына батырлар жырын жатқа оқиды. Мектеп қабырғасында өлеңмен әуестеніп, алғырларымен, дарынымен ерекшеленді.
Әкесі – Серікбай, Шаян аудандық сауда ұжымын басқарған, соғыс ардагері. Анасы – Күләйшә, он баланың шешесі, оңтүстік аймағына белгілі Тасжан бидің ұрпағы.
1972 жылы Бәйдібек ауданындағы «Бөген» орта мектебін үздік бітіріп, бала кезгі арманы жетелеп, қасиетті қара шаңырақ – ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түсіп, оны 1977 жылы аяқтады.
Шығармашылық қызметін 1977 жылы Алғабас ауданы комсомол комитетінң ұйымдастыру бөлімінде нұсаушы болып басталды.
1979 жылы қараша айында Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио комитетіне тілші болып келеді.
1980 жылдан бастап «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жұмыс істейді. Мұнда әуелі «Еңбекші хаттар» бөлімінде, кейін «Мәдениет және әдебиет» бөлімінде тілші, аға тілші, одан «Еңбекші хаттар» бөлімінің меңгерушісі болды.
1989 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сан түрлі салаларда қалам тербеді. Оның ішінде театр сынына қатысты «Сахнада – «Көтерілген тың», «Жесірлер», «Он үшінші председатель» (Новосибирс театры жайлы), «Аяқталмай қалған ән», «Құрмаштың жиені» (актер О.Рахимов», «Сергелден болған серілер», «Асқақ арман самғауы» (Қазақ ССР-ң халық артисі А.Қалмырзаев(, «Қос өрім» (театр актрисалары Г.Қылышбаев, Ә.Қарабекова), «Бәріңе, бәріңе» (КПСС XXVII съезіне арналған спектакль), «Тамыры терең талант» (Қазақ ССР-ң халық артисі С.Оразбеков хақында), «Мен қазақ әйеліне қайран қалам» (Қазақ мемлекеттік Жастар және балалар театры) деген тақырыптармен талдау жасайды.
Әдеби сын мақалалары «Өлең өрісі өтінішпен өсер ме?», «Күн сәулелі туған жер» (жазушы С.Бақбергенов «Қазығұрттыңбасына кеме қалған» кітабы), «Бәрі де шындық» (Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған шығарма), «Сыршыл суреткер» (жазушы Тұтқабай Иманбеков), «Жүрдек поезд» (Қ.Түменбайдың «Қайың сапты кетпен» кітабы) т.б газет бетінде жиі жарияланып тұрды.
Т.Байтасов 1998 жылдың ақпан айынан бастап, қоғмдық – саяси, тәуелсіз «НАРТӘУЕКЕЛ» газтін жарыққа шығарды. Бас редакторы өзі болды-дағы, редакцияда Ш.Әбішев, Ж.Кеттебек, Ш.Орынбай, Р.Артықбаев сынды ойы ұшқыр, жүйрік журналисттер болды. 3000 данамен шығарып тұрған аталмыш газет өз заманында келелі мәселелерді көтере білді, оның шешімін табуға тырысты, сол ауыр да қиын кезеңдердің айнасы іспеттес болды, халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдады. Әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени-тұрмыстық ахуалды ашық та терең, ащы да өткір жазған батыл қадамдармен оқырман көзайымына айналды. Басылым «Нарық торабы», «Саясат-көзқарас», «Әдебиет әлемі» «Сын садағы. Ой-пікір», «Сатира. Әзіл-оспақ», «Дін мұсылман жолында», «Таным. Тағлым» атты айдарлар төңірегінде уытты, құнды, зілді материалдар жариялап тұрды.
Айқара бетінде жұртты толғандырып жүрген, көкейтесті тақырыптар көрініс тапты. Мысалыға, «Бүйірі тесік бюджет», «Дауасы жоқ дағдарыс», «Несиенің иесі кімдер?», «Жанар май бағасы жанып барады», «Бізде қандай капитализм?», «Капитализмнің кегі», «Бізге жарымайтын етікші», «Биліктің беті бері бұрылды ма?» т.б толғауы тоқсан тақырыптар...
Ал 1990 жылы Төрекелді Орталық Азия және Қазақстан Республикасы көлемінде тұңғыш рет тәуелсіз, әдеби – көркем, қоғамдық, тарихи – танымды «Жібек Жолы» журналын ашқан болатын. Бұл қазақ журналистикасында, қазақ баспасөзінде үлкен жаңалық болатын. Байтұрсыновтың бастауымен аталмыш журнал көптеген мәселені көтерді, журнал ел зиялыларына мектеп болды, республика бойынша таралып, көрші Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия тіпті Грмания, Швеция, АҚШ, Франциядағы қандастарымызға тарады, сол кезенде журнал мұқабасында (басқаның батылы бара бермейтін) Абылай,Кеңесары, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Қабанбай – Бауыржан би-батырларымыздың, зиялыларымыздың бейнелері көрініс тауып жатты.
Журнал 1990-1998 жылдар аралавғында заман қыспағына қарамастан шығып тұрды. 2 айда 1 рет шығып, таралымы 20000 дана болды. Өзгелер тұрмыстың жайымен өлместің күнін ойлап жүргенінде, Төрекелді Байтасов бар күш-жігерін қазақтың санасын оятуға жұмсады.
Дүние жүзі қазақтарының 1 құрылтайына делегат болды. Сол құрылтайға «Жібек жолы» журналының арнайы мерейтойлық санын жарыққа шығарып, қалың жұртқа тарту етті.
Журналдың бас редакторы Т.Байтасов 1991 жылы «Жібек жолы» бойынша жүріп өткен ЮНЕСКО-ның экспедициясына қатысты. 1992 жылы 5-9 қазан күндері БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастаумен Алматыда Азияның тәуелсіз және плюралистік ақпарат құралдарын дамытуға ықпал ету жөніндегі семинар болып өтті. Азияның 38 елінен журналисттер қатысқан семинар қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде өтті. Ал сол кезде Қазақстандағы тәуелсіз, этномәдени бағыттағы қоғамдық, әдеби-көркем, ғылыми-техникалық басылым жалғыз – «Жібек жолы» журналы болатын. Журнал атынан бас редактор Т.Байтасов сөз сөйледі.
1993 жылы Т.Байтасов оңтүстік өңірінің алғашқысы болып журналмен аттас «Жібек жолы» баспасын құрды. Баспа президенті ретінде 500-ден астам кітаптар шығарды. Баспа облыста тұңғыш рет орыс, өзбек, түрік,араб, ағылшын тілдерінде кітап шығара бастады.
2002 жылы «Ғасыр-Ш» баспасынан жазушы, «Жібек жолы» журналының уығын шаншысқан бас редактордың орынбасары болған Шойбек Орынбай кітап етіп шығарды. Сөйтіп «Ұйқы ашқан ойлар» деген атпен Төрекелдінің ой-толғау, нақыл сөздері басылды.
Бұл жинақта Төрекелдінің түйгендері, көрген-білгендері, ой айшықтары, ақыл-нақылдары басылған.
2005 жылы студент шағында жазылған әңгіме-новеллары жинақ болып, «Көктөбе сағымдары» атты кітабы М.Байғұттың алғы сөзімен «Кітап» баспасынан жарық көрді. Студент шағында жазған әңгіме-новеллалары, өлеңдері осы жинақта басылған. «Ақылес, оның апасы және басқалар», «Апасының баласы», «Байғазы», «Қарлығаш хикаясы», «Мейірім», «Пейіл», «Әлпеш»», «Табайдың келіні», «Киіз басу», «Кластастар», «Құлыным менің», «Ел суреттері», «Құрымбайдың хикаялары», «Оттай ыстық өмір», Жаңа жыл кешінде», «Жаңылысу», Сыйлық», «Рәстірет», Шыбындардың өкпесі», «Жарыма жазған жырлардан» атты т.б. шығармалар жинақталған.
2010 жылы 12 мауысымда Төрегелді Байтасовтың 55 жылдық мерейтойына байланысты туған жері Төрткөл ауылының Мәдениет үйінде «Таң нұрындай Төрекелді» атты еске алу кеші өтті. Өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Көзітірі болғанында арынды да, жалынды Төрекелді мерейлі 60 жасқа келер еді. Құдайға шүкір артында ұрпағы, оқырманы, кітабы, іздеушілері қалды. Төрекелді Байтасовтай асыл ер мәңгі елінің есінде қалмақ!
Байтасов Төрегелді 2001 жылы қазан айында дүниеден озды.