Лебіз
Төлеген Тоқбергенов бүй дейді:«Арғы-бергі әдебиетті қадағалап қарасақ, талан иелерінің көбі жас кезінде алғңашқы шығармаларымен-ақ шын шеберліктің деңгейінен көрініп үлгерген». Міне, марқұм Төрекелді туралы да осылай деуге болады.
Мархабат Байғұт
Жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері
Төрекелді өз ортасынан орда бұзып ерте шықты. Өте қабілетті еді. «Жібек жолы» журналының алғаш санын көргенде Жазушылар одағының төрағасы Қалдарбек Найманбаев екеуміз қатты қуандық бұл ірі жаңалық еді.
Керімбек Сыздықов
Филология ғылымдарының докторы, профессор,
Гуманитарлық Ғылым академиясының академигі
Асырып айтқандық емес, қазақ баспасөзінің тарихында «Жібек жолы» журналы жарқын бір бет болып қалды. Ал,сол «Жібек жолының» жұлдызын жарқыратқан азамат кім десек,ол-Төрекелді. ...бұл басылым қазақтың ой-санасында өзіне тән ізгілік ізін, нұрлы сәуле қалдырды. Төрекелдінің журналист-жазушы, қаламгер-қайраткер, баспагер, азамат ретіндегі болмыс – бітімі, деңгей – дәрежесі, білім-білігі, қайрат-қажыры, бар-баршасы «жібек жолы» журналы арқылы көрінді. Ашылды. Танылды. Биіктеді. Треңдеді. Мағлұмдалды. Мойындалды.»
Мархабат Байғұт
Жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері
Төрегелді қызбалау, ойлаған нәрсеге жетпей тынбайтын жігіт болатын. Негізінде Төрегелдінің журналистика саласына көп еңбегі сіңді. Журналистика мен әдебиеттің айырмашылығы бар. Төрегелді жай ғана журналист болған жоқ. Ол жаңашыл журналист болды...
Шойбек Орынбай
жазушы, журналист
Кеше ғана қатар жүріп, мәдениет, театр туралы пікірлесіп отыратын үлкен азамат алыстаған сайын үлкейіп, биіктеп бара жатқан сияқты. Себебі, артында үлкен мұра қалдырып кеткен адам ешуақытта аласармайтынына сенімдімін. Жоғарыда айтқандай Төрекелді жан-жақты, сегіз қырлы азамат еді. Сол биігінде мәңгі қалатыны ақиқат.
Сансызбай Сытышев
ҚР Мәдениет қайраткері