Төрегелді Байтасов

Туындылары


***

«Жүрегің алтын» дейді,
Алтындай әсем қыздар.
Көктемім күлімдейді,
Кеудемнен көшіп ызғар.

«Мінезің жібек» дейді,
Жібектей көркем қыздар.
Бір арман өбектейді,
Көңлімде еріп мұздар.

Менде бар жалғыз жүрек,
Арналған жалғыз қызға.
Мың суып, мың елжіреп,
Оранған жалын-мұзға!

1982 ж.