Төрегелді Байтасов

Туындылары


***

Өлемін бе, мен шыннан өлемін бе?!
Жарық көрмей әңгімем, өлеңім де.
Келдім, кеттім жалаңаш соқа басым.
Үлес қоспай халқыма, бұл еліме.

Өлемін бе, мен шыннан өлемін бе?!
Мейір қанбай өмірдің бал әніне.
Адал болдым, ақ болдым, әділ болдым,
Қыршын ажал тиді ме төлеміне.

Өлемін бе, мен шыннан өлемін бе?!
Симай мына кең жалған көлеміне.
Қатарымнан ертелеу енемін бе?
Тас ұйқының мәңгілік әлеміне...

1981 ж. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіргеннен кейін
Төрекелді қатты науқастанып Алматыда болады. Сол кезде шыққан өлеңі.