Төрегелді Байтасов

Туындылары


БЕРНС

Қатын маған керегі,
Жақсы әлде жаман ба,
Әйел болса жетеді,
Күйеуі жоқ тек қана.

Арық, семіз май батпан,
Талғамаймын адамды.
Мейлі кемтар бас тартпан,
Түнде бәрі қараңғы.

Уылжыған жас болса,
Бақыттымын не керек.
Кәрі болса тым лақса,
Жесір қалам ертерек.

Туа берсін балдарды,
Көңлі ауса желігіп.
Ал баласыз болғаны,
Маған біраз жеңілдік.

Егер сүйсе шөлмекті,
Болмасын тек маскүнем.
Ұнатпаса шөлмекті,
Молдау қалар үстінен.

1979 ж.