Туындылары
***
ГЕЙНЕ
ГЕЙНЕ
Керенаусың, селқос тегі,
Сол мінезің қиындау да.
Өр махаббат ал мендегі,
Ертсем деді сені тауға.
Тегіс жолды керек еттің,
Таптың оны, сен қанағат.
Қолтығында бір еркектің,
Бара жаттың екі қабат.
***
Әйелім болсаң егер де менің,
Қызғанар сені бар адам.
Бақыт пен шаттық білерсің дәмін,
Ақшамды және аяман.
Үндемен ешбір – айқайға бассаң,
Күлермін момын қалыпта.
Жырыма бірақ иікпей қойсаң,
Айрылыс, сөзсіз ұмытпа!
***
Жасыл мақпал көктемде,
Қонақтап тал бүріне.
Тұна қалған тамшыдай,
Тұнжырадың бір демде.
Мен қасыңнан өткенде,
Қылығыңның таңсығы-ай!
1979 ж.