Төрегелді Байтасов

Туындылары


М.Ю. ЛЕРМОНТОВ

ҚОШТАСУ


Кешір,
кешір!
Үн бе,
Мұң ба?
Не ауыр сыр
Жатыр мұнда?
Мені еріксіз
Арбадың да
Ала қаштың
Арманымды.
Бүгін менен
Алыстасың.
Жүре алмаймыз
Қол ұстасып.
Жалбарынам, –
Батқан мұңға,
Жүректі емде,
Келіп мұнда
Дертім күшті,
Жалғыз қалдым.
Бар еркімді
Баурап алдың.
Күтіп сені
Көз ілмеген...
Жетер ме екен
Төзім деген?
Құрбан етіп
Өмірімді
Төсеп саған
Ерінімді
Құшағыңда
Сенің бір күн,
Арманым жоқ,
Өлсем,
шіркін!

1979 ж.