Төрегелді Байтасов

Туындылары


БАСТЫҚ БАУЫРЫМА!

Жетер жерге жеттім деп,
Пысықтықпен өттім деп,
Бар амалды төктім деп,
Қошеметке бөктім деп,
Лауазымға қомпайып,
Екі ұртың томпайып,
Алқым-бұғақ ісініп,
Жылы жерді түсініп,
Марапатқа мастанып
Мафиямен ластанып,
Қалта қамын күйіттеп,
Тамар жерге үйіп кеп,
Қу дүние елігіп,
Қыз-қырқынға желігіп,
Ел үшін шөп сындырмай,
Бір тірлік те тындырмай,
Алпауытты ағалап,
Жуандарды жағалап,
Бас пайданы бағалап,
Сауын жерді сағалап,
Алғышбекке айналып,
Қарынға май байланып,
Мал біткенге малданып,
Қоразданып жалданып,
Қызыл сөзді қоздырып,
Ішкі есепті оздырып,
Жағымпазды жиып ап,
Руластарды үйіп ап,
Жылпостарды жақтамай,
Қылмыскерді ақтамай,
Адалдарды даттамай,
Адамдарды таптамай,
Сатылудан сақтағай,
Сәл нәрсеге шытынып,
Қызметкерлер құтын ап,
Көкіректі көтерме,
Бес күн бөсіп бекерге,
Асқанға да амал бар,
Билік жетпес биік бар,
Нала түбі күйік бар,
Төбемізде бір Құдай,
Бәрін біліп жүр Құдай!

1-наурыз, 1996 ж.