Туындылары
***
Өлеңді алу үшін жазады деп,
Тон пішер Шымкенттің қазағы көп.
Жыр туса жан жүректен ыршып-ыршып,
Мен жүрмін ар-намыстың азабы деп.
Бұл жаным бала жастан бірбеттеу-ді,
Білмейтін күшті алдында дірдекдеуді.
Өлеңді өміріме семсер етіп,
Намысты мақұл көрдім кірлетпеуді.
1996 ж.