Төрегелді Байтасов

Туындылары


НАМЫС ҚАЙДА?

Жігіттер намыс қайда, намыс қайда?!
Бақ сасып қалар ертең табыс, пайда!
Асылын ардақ тұта алмаған ел,
Аяғы аяғына шалыспай ма?

Жігіт ек қайтпаған дос, қасыңнан да,
Құдайды ұмытпаушы ек тасынғанда.
Тиісті сөзді айтып қалушы едім,
Кейбіреу көзге ілмей басынғанда.

1989 ж.