Төрегелді Байтасов

Туындылары


***

Қысқа тіл келмей күрмеуге,
Тыраштық етем құр кеуде.
Жігіттер сыйлас кездессе,
Жарамай қалам жүр деуге.
Тістеулі солай бармағым,
Баратын тойға бармадым.
Жомарттың қолын жоқ матап,
Ішімнен тынды арманым!

1987 ж.