Бақтыгүл Ауданова

Асыл сөз


Арсыздар адалдық жайлы, екіжүзділер әділдік жайлы, пасықтар пысықтық жайлы көп айтады. Неге?



«Әдебиет – ардың ісі» (З.Қ.) Осы іске дақ түсіріп алмасақ деп қаламымызды тарта ұстаймыз. Әдебиет көшін шыңға шығарған тұлғалардың еңбегін еш етіп алмау үшін, жазғанымызды жалаулатуға да жоқпыз. Саф өнерді сақтау үшін – тереңдік... теңіздей тереңдік қажет. Онсыз әдебиет болмайды.



«Бәлкім ұят пен ардың соңғы буыны біз шығармыз. Жүректегі сөзді жанарымыздан көре тұра ештеңе айта алмау да біздің буынға тән сезімдер секілді».



Табиғатты қорғау – болашақты қорғау!



Адамның көңілін қолға ұстауға болатын болса, онда ол ақ үлпек секілді ме, әлде ақ шілтер секілді ме, сондай бір нәзік дүние болар еді-ау, иә?...
Мезгілдер секілді сезімдер де өзгереді. Сізден алыстағысы келген адамға еш өкпелемеңіз. Ажарыңыздың тайғаны секілді, достығыңыздың да көмескіленуі заңдылық.
Түрмен ұлт бола алмаймыз,
Тілмен ғана ұлт болып қала аламыз.
Сөз – менің қорегім. Оны оңды солды орынсыз пайдаланғандарды ұнатпаймын.



Арамдар адалдық жайлы, екіжүзділер әділдік жайлы, пасықтар пысықтық жайлы көп айтады. Неге?
Мені кейбір адамдардың өздерін адал, әділ, періште сезінетіні таңғалдырады. Әлемдегі жалғыз кінәлі адам мен секілдімін өзіме. Әлемде біреу-ақ болу да жаман емес.



Терең судың тынып ағатыны секілді терең адамдар да көкірек ұрып, кеуде көтермей-ақ ел үшін еңбек ете береді.



... Қыран құстай қай биікте қалықтап ұшса да – туған ауылы адам баласының қанаты талғанда келіп қонатын алтын тұғыры екен-ау.



Өмірді күрес деп қабылдасаңыз, өмір бойы онымен күресіп өтесіз. Оны махаббат деп қабылдасаңыз, сүйіспеншілікке бөленесіз. Өмірді қуаныш деп білсеңіз, онда әр сәтке қуануды үйренеді екенсіз.