Бақтыгүл Ауданова

Өмірдерек


Ауданова Бақтыгүл Рүстемқызы – 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында туған. Жетісай ауданы М.Ғабдуллин атындағы мектепті бітірген, Жетісай қаласы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық колледждің түлегі. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің филология факультетінің түлегі. Аудандық, облыстық әдеби байқаулардың жүлдегері. Әңгімелері «Ақ шағала жырлар» ақын-жазушылар жинағына енген. «Пейіштің самалы» (2015 ж.), «Ай толғатып жатқанда» (2019 ж.) атты кітаптардың авторы. «Адамның қадірі» (2022 ж.) аудармалар жинағы жарық көрген. Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі. Әлібек Мейірбеков ақын Мақтарал-Мырзашөл ақын жазушыларының бірлестігінің медаль иегері. Әңгімелері мерзімді басылымдар мен сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.
Отбасылы. 4 баланың анасы.
Бүгінде Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкері.