Бақтыгүл Ауданова

Лебіз


Бақтыгүл ешқандай қамқорлықсыз, тек талап етуден ғана тұратын, ешкімді мұрат-мақсатқа жеткізуді міндетіне алмайтын әдебиеттің қатал мектебінен өткен жазушы. Оның алғашқы әңгімелерінен-ақ «Осы қыздан бірдеңе шығады-ау» деп ойлап, бір-екі әңгімесін газетке ұсынғанмын. Бұл қамқорлыққа жатпайды. Бұл – адаспай келіп тұрған жас талантқа есік ашу, үміт арту, мүмкін, іштей мойындау. Шын талантқа бұдан артықтың қажеті де жоқ.

Захардин ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ



Бақтыгүл Ауданова кәзіргі таңдағы сүйіп оқитын қаламгерлерімнің бірегейі десем артық айтқандық емес. Сан түрлі тақырыптардағы уақыт кеңістігіне бағынбайтын тамаша әңгімелері, адамзат үшін қай кезде де маңызын жоймайтын талғамы жоғары аудармаларының қазақ оқырманы үшін маңызы өте үлкен. Бақтыгүлдің тақырыбы – адамгершілік пен парасат тақырыбы. Тәуелсіз елемізге қай тұстан құйтырқы саясат құрығын салсақ екен деп отырған мысық тілеулі көршілердің жымысқы пиғылына қолданар қаруымыз, ішкі саясатымыз отансүйгіштікті, адамгершілікті, ынтымақ пен бірлікті уағыздайтын осындай шығармалар болуы керек. Ал, ондай шығармалар Бақтыгүлде жетерлік!

Байғали ЕСЕНӘЛИЕВ



Қаламы қарымды журналист, белгілі жазушы, бірнеше кітаптың авторы Бақтыгүл Аудан әпкеміз өте сабырлы, байсалды жан, мінезге бай адам. Сыйластық арта берсін, жазушы әпкем.

Санжар ҒҰЛАМА



Жаны жаныммен егіз, жан бауырымның нұрлы жүзінен күн көрініп, күні кеше ғана ақ тілектер төгілген, ақ батамен өрілген тарихи кеші өтті.
Осынау кешке жүректегі жылы лебіздерін арқалап, келген баршаларыңызға шексіз алғысымды айтамын.
Мерейін тасытып, мәртебесін биіктеткен ыстық ықыластар жауған, тамаша күн болды.
Қаламы қарымды қаламгердің жазбалары жаһанды шарлап, жүректерді жаулап, абырой биігінен қол бұлғай берсін, – деп тілеймін.

Арайлым САТТАРОВА