Шалқар Әбіш

Асыл сөз


Бастаған ісін аяқтамай, ертеңге сырып қоя беретін жігіт – ойға алған мұрат-мақсатына жетпестен, өзі түгілі әке-шешесі, туған, туыстары мен жолдастарына да аброй әпермейді.



Ұлғайып қалған ұл-қыздарыңмен тең сөйлес. Өктемдік жасап, асырап – баққаныңды міндет етпе.



Жақсы мен жаманның парқын айыра алмайтын пенделерді топас дейді.



Үлкеннен өнеге алсаң, озбасаң да азбайсың. Кішіге үлгі көрсетпесең тозбасаң да тынып кете жаздайсың.



Еленбейтін ұсақ қателіктер көп кетсе, солардың өзі жиылып кеп ауыр қылмысқа итеріп, басыңды жоқ етуі әбден мүмкін.



Ойланып, толғанып алып істемеген жұмыс шала туған қозыдай күй кешеді.



Әр бір ақ сүт емген адам өзінің қам сүт емген пенде екенін де әсте ұмытпауы шарт.



Меймандостық пен жомарттық біздің ата – бабамыз қалдырған асыл қасиеті ғана емес, біздің халықтың еншісіне тиген сыбаға.



Қолымнан дәрмен кеткенше, көзімнің оты өшкенше қатардан қалыспаймын!...



Қанша өзімшіл болмайын десең де, мерейіңнің басқалардан үстем тұруын қалайды екенсің. Бұл да бір жұмбақ!