Шалқар Әбіш

Лебіз


Шалқар Әбішұлының насихат сөздері мен өлеңдерін оқып отырғанда маған осындай ойлар оралды. Өйткені тіпті басқа саланың - сауда саласы адамының жан дүниесінің тым нәзік, күрделігі еріксіз таңырқатып, тамсандырады. Ойлары халықтың таным – түйсігімен біте қайнасқан пәлсапалық пайымдаулармен тамырласып жатады. Әсіресе, «Ойлардың қилы орманы» атты бірінші бөлімнің мазмұн тереңдігі, қоғамдық, адамдық, рухани тәрбиелілік мәнінің жоғарылығы өмірден ойып алынған нақтылылықтармен негізделеді. Ең бастысы үлкен жүректің күре тамырлары солқылдап ұрып тұрғанын әрбір сөйлем айқайлап паш ететінін анық көресің!

Әмзе ҚАЛМЫРЗАҰЛЫ