Өмірдерек
Әбішұлы Шалқар 1944 жылы 5 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, ҚошқарАта ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Шымкенттегі кооперативтік сауда техникумын, 1964 жылы Алматыдағы ревизорлар дайындайтын бір жылдық мектепті бітірген. 1972 жылы Халықшаруашылық институтын бітіріп, селолық, аудандық, қалалық, облыстық сауда мекемелерінің бастығы болып қызмет еткен. Шымкент қаласындағы «Базар» жабық акционерлік қоғамының төрағасы, 1999–2007 жылдары облыстық мәслихаттың депутаты болған. 1992 жылы өзі ашқан Шымкент қаласындағы халықтық «Аштықпен емдеу орталығының» директоры.
1997 жылы «Облыстық жазбагер ақындар мүшәйрасының» бас жүлдегері болды. Мемлекетіміздің 10 жылдығына арналған медалімен марапатталған.
2005 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы». 2018 жылы 17 қаңтарында дүние салды.